Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді
2026 жылғы 31 қазан күні Арал қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Жәрмеңкенің негізгі мақсаты жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау, отандық өнімдерді насихаттау және тұрғындарды сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету.
Өтетін күні: 31 қазан
Басталу уақыты: сағат 09:00
Өтетін орны: Арал қаласы, «Эврика» сауда үйінің маңы.











