Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » 14 тамызға арналған ауа райы болжамы

14 тамызға арналған ауа райы болжамы

Сәрсенбіде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, найзағаймен жаңбыр жауады, деп хабарлады Қазгидромет РМК.

Кей жерлерде жел күшейеді, шаңды дауыл, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі. Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Павлодар, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал, Қызылорда облысының күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі, таңертең және күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. Алматы облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с шаңды дауылмен бірге күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
https://baq.kz/news/othernews/14-tamyz-a-arnal-an-aua-rayy-bolzhamy/
14 тамыз 2019 ж. 740 0