Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Еліміздің бірқатар өңірінде үсік жүреді

Еліміздің бірқатар өңірінде үсік жүреді

 Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында үсік жүреді. Бұл туралы "Қазидромет" РМК-дан хабарлады. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, Карск теңізі аймағынан келетін солтүстік циклон Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына ықпалын тигізеді, сонымен байланысты құбылмалы күн райы сақталады. Кей жерде түнде көбіне жаңбыр түріндегі жауын-шашын жауады. Республиканың тек оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде антициклон жотасының орналасуына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Жекелеген өңірде тұман күтіледі, желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады.

Жамбыл, таңертең және күндіз Түркістан, күндіз Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан түнде және таңертең Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.

Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының түнде кей жерінде 1-3 градус үсік күтіледі.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл облысының кей жерінде, Карағанды облысының оңтүстік, оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
https://baq.kz/news/othernews/elimizdi-bir-atar-irinde-sik-zh-redi/
27 қыркүйек 2019 ж. 756 0