Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » "Коронавирус, кет, кет, кет": Шетелдіктер Марат Омаровтан әнді шет тілінде айтуды сұрап жатыр

"Коронавирус, кет, кет, кет": Шетелдіктер Марат Омаровтан әнді шет тілінде айтуды сұрап жатыр

stan.kz Зарина Омарова әкесі Марат Омаровтың "хит" әніне қатысты түсініктеме берді. Әншінің айтуынша әкесі әзілдеп отырып шығара салған ән қазір шет елдерге тарап кеткен. 

Бұл туралы Зарина Омаров 31 арнаға тікелей эфир арқылы хабарлады. 
Зарина Омарова әуелі карантин уақытында немен айналысып жатқанына тоқталды. 
"Карантин көп жоспарларымызға кері әсер еткені рас. Көптетеген бейнабаяндарым жазылмай қалды, дуэт айтамыз деген жоспарлар бар еді. Шығармашылықтан аздап қол үзіп қалдым. Оның үстіне уақыт көп болғандықтан ұйқы режимі бұзылды. Қазір Рамазан айы болғандықта түнгі 4-5-те ұйқыға жататын болдық", - деді Омарова.
Әнші жолдасы ауыз бекітетінтіктен сәресі уақытынан соң ұйқыға жатады. Ал, өзі ас үйге көп беттемейтіні айтады. Себебі салмағын қалыпта ұстау үшін әрдайым өзін шектеп отырады. 
"Менің кішкентай ғана ыдысым бар, сол ыдыспен тамақ ішем. Артық жемеймін. Бейнебаяндарға түсу керек, сахнаға шығу керек, әлі кө жоспарлар бар деп өзімді тежеп отырамын. Себебі мен 8 жыл бойы толық әйел болып жүрдім. 8 жыл күйзелісте жүрдім. Мен осы уақыттарда өзімммен айналыстым. Шаршадым, бәрінен қол үздім. Кейін қайта қолға алдым. Ақырында 95 келі салмақтан, 56 келіге дейін арықтадым. Бұл көп еңбекпен келді", - дейді әнші. 
Айтуынша, толық әйелдер қанша диета ұстағанымен, тез арада арықтай қоймайды. Тек диетаға ағза үйренген соң ғана, біраз уақыт өткенде арықтай бастайды. Мәселен 1-2-3 ай аралығында ешқандай өзгеріс болмауы мүмкін. Әрі қарай шыдаса, нәтиже болады дейді.
Әнші бүгінде әкесінің хитке айналған әні жайлы айтып өтті. 
"Әкем "Коронавирус" турады әнді әзілдеп отырып, бір сағат шамасында шығара салған. Әкем екеуміз ән жазғанда бірге талдап, талқылап жазамыз. Бұл жолы әнді желіде тыңдадым. Сосын әкеме хабарлстым. Әкем тез арада тарап үлгергендіктен уайымдап қалыпты. Мен басу айттым. Қазір бұл ән Ресейде,  Америкада айтылып жүр. Шетелден біздің тілде айтыңызшы деген көп ұсыныстар келіп түсті", - деді әнші. 

30 сәуір 2020 ж. 748 0