Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » 26 жастағы бойжеткен Ернар Айдарға тоқал болу туралы ұсыныс білдірді

26 жастағы бойжеткен Ернар Айдарға тоқал болу туралы ұсыныс білдірді

Ернар Айдардың Зарина есімді фанаты әншіге тоқал болу туралы ұсыныс жасады. Ол Ернардың отбасылы екенін білсе де, оған екінші әйел болғысы келетінін ашық айтты.

Бұл туралы 7-арнаның «Өз ойым» бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.
Бағдарлама барысында «Фанатизм дерт пе?» тақырыбы қозғалды. Онда қонақ ретінде қазақ жұлдыздарының фанаттары келді.
Соның ішінде 26 жастағы Зарина есімді қыз Ернар Айдардың шынайы фанаты екенін айтып, ағынан жарылды. Ол тікелей эфир барысында Скайп арқылы Ернармен байланысқа шығып, оған деген сезімін білдірді.
«Екінші әйел алуға қалай қарайсыз?» деп сұраған Заринаға Ернар:
«Құдай сақтасын, екінші әйел ешқашан алмаймын. Өзімнің әйелім бар, көңілімнен шығады. Өзімнің сүйген жарым. Сізге бақыт тілеймін», – деп жауап қайтарды. Алайда фанатын ренжітіп алудан қорыққан әнші оған алғыс білдіріп, алда өтетін концертіне тегін билет сыйлайтынын айтты.
Сөз соңында фанаты Зарина Ернар Айдарға арнап шығарған өлеңін оқып берді.
26 мамыр 2018 ж. 3 804 0