Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қуандық Рахымның жарының бетін Төреғали Төреәлі ашты

Қуандық Рахымның жарының бетін Төреғали Төреәлі ашты

Қуандық Рахым ақ құсын қолына қондырды. Мың сұлудың арманы болған әнші өз бақытын тапты. Жүрегінің иесін жолықтырды. Күні кеше беташар той болып, қалыңдықтың бетін әншінің өнердегі досы ашты. 

Қуандық Рахым жеке өмірі жайлы ашық айтпағанымен жүрегін жаулаған ару барын жасырған емес. Сұхбатының бірінде ғашық болып қалғанын айтқан еді. Көп ұзамай жүрегінің иесін құтты шаңырағына әкелді. 
Қуандық Рахым қалыңдығы Назеркенің бетін досы Төреғали Төреәлі мен айтыскер Дидар Қамиевке ашқызды. 
Әдетте қалыңдықтың бетін той иесі, қалыңдықтың енесі, не әулеттің үлкен қариясы ашып жатады. Қуандық Рахым бұл міндетті көп балалы әке болайын деген ниетпен төрт баланың әкесі, досы Төреғалиге жүктеген екен. 
Қазақта "Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық" деген сөз бар. Төреғали келіннің бетін қасиетті қара домбырамен ашты. 
stan.kz
20 қазан 2020 ж. 884 0