Сүйікті әніміздің жаңа нұсқасы: "Наурыз" әнін 25 жылдан соң қайта шырқады
Қазақстандық әншілер "Наурыз" әнін 25 жылдан соң қайта шырқады. "Үркер" тобы мен өзге ұлт әншілері әйгілі әнді жаңа нұсқада орындап шықты.
Ерсайын Жапақтың сөзіне жазылған, Айдос Сағаттың "Наурыз" әні жаңа нұсқада шырқалды. "Үркер" тобы мен өзге де әншілер қосылып, өнер көрсетті. !!Әншілер әнді Наурыз мейрамына орай шырқап берді.
Атап айтқанда, әнді Парвиз Назаров, Роман Ким, Шахноза, Янис Кайсиди, Әділжан Омаров бірге орындады.
"Наурыз мейрамына орай. Әнге 25 жыл", - деп жазды ән авторы Айдос Сағат.
Желі қолданушылары қошемет білдіріп, жылы лебіздерін жазды.
"Жақсы шыққан, бізге ұнады", "Керемет ән, керемет орындау, көктемгі көңіл-күй сыйлады", "Әннің ғұмыры ұзақ болсын", "Ән де әншілер де керемет", "Рахмет сізге", - деп жазды олар.
stan.kz