Сәкен Майғазиев мүгедек жігітке сахнада жатып микрофон ұсынды

"Өнерді сүйген таудай жүрегіңнен, бауырым. Рахмет, Жезқазған!" - деп жазды Сәкен Майғазиев.
Әншінің әрекетін құптаған желі қолданушылары, Сәкен Мағазиевке ыстық ықыластарын білдіріп, алғыс айтты.
"Сіздің кішіпейілдігіңіз де көрініп қалды", "Сәкен, айналайын дауысың қандай керемет. Жүрегің тіпті керемет", "Қарапайымдылық", "Алла разы болсын", "Кембағал адамның арманын орындағаңыз үшін сізге көп рахмет. Бай-қуатты болыңыз. Осындай игі істерді жасай берсеңіз, құдайдың мейірім-шапағатына бөленесіз", - деп пікір қалдырды жұрт.