Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Не еркек, не қатын екенін ажырата алмайсың": Сәкен Майғазиев 91 тобы туралы айтты

"Не еркек, не қатын екенін ажырата алмайсың": Сәкен Майғазиев 91 тобы туралы айтты

Сәкен Майғазиев жас әншілерді 91 тобымен салыстырып, өз ойын айтты,

Белгілі өнер иесі 91 тобына қатысты пікір білдіріп, оларды ақшақарға теңеген. Ұлттық болмысты бойына сіңіріп, сахна мәдениетін қалыптастырып жүрген Сәкен Майғазиев жастардың кемшілігі туралы да айтуды ұмытпады. Әсіресі өзін ат ұстар ер азаматпын деп санап жүрген сахнадағыларға ашуы келеді әншінің. Оған қоса, әншілер екі ауыз сөздің басын қоса алмайды деп ренішін де білдірді.
"Қазіргі заманда, қазіргі уақытта 91 деген ақшақар болып қалды бізге, айналайын болып қалды. Олар қазір еркек пе деп қалдым. Одан өтіп кеткен сорлылар жүр сахнада. Мұрны мен құлақтарын тесіп алған. Майысып, дұрыстап сұхбат та бере алмайды. Екі ауыз сөздің басын құрай алмайды. Бір бағдарламада бір ешектер жүр, ешектер деп мен қорықпай айта аламын. Неге олай дегенім, "Абай жолын" жазған адамды білмейді. Еңгезердей бес жігіт отыр, біреуі білмейді. "Абай жолын кім жазды?" десе, Абай жазған шығар дейді", - дейді Сәкен Майғазиев.
Әндеріне ешқандай шағым білдірмесе де өнер иесінің қазақ эстрадасындағы топтардың сахналық киім киісі көңілінен шықпайды екен. Кәрістердің ескі өнерін дәріптеп, болмашы нәрсені сахнаға алып шықтыңдар деп намыстанды әнші.
"Өкінішке орай, жаңағы жігіттер жол ашып берді соларға. Біз ойлап жүрміз, ойбай, керемет кәрістердің мәдениеті деп. Ал, шынтуайтына келгенде сол кәрістердің шайнап тастаған сағызын алып олар шайнап жатыр. Музыкаларына әңгімем жоқ. Ал, киім үлгілеріне келгенде не еркек екенін, не қатын екенін ажырата алмау, бұл сорлылыққа бара жатқан жол. Абайлау керек", - дейді Сәкен Майғазиев.
https://stan.kz
21 маусым 2019 ж. 1 337 0