Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сәкен Майғазиев Айжан Байзақова туралы: Мәртебесін арттырамыз

Сәкен Майғазиев Айжан Байзақова туралы: Мәртебесін арттырамыз

Сәкен Майғазиев атышулы арулар туралы пікірін айтты,

Атышулы арулар жайлы пікір білдірген Сәкен Майғазиев оларды жалайырға жар салып, елге таныстыруды құп көрмейтінін жеткізді. Тіпті ондайларды қарындас деп айтуға ауыз бармайды деп өкініш білдірді өнер иесі.
"Құдай өзі кешірсін. Жалғыз Айжан қарындасымыз емес. Қазақ халқының ұлттық киімін масқаралап, бәрімізді әшкерелеген қарындастарымыз да бар. Қарындас деп айтуға да ауыз бармайды шыны керек. Кейбір адамдар мен сондаймын деп жарияға жар салып жүр. "Жындыны жынды десең, бөркі қазандай болады" деген сөз бар. Кейбіреулерге антижарнама жасап, олардың мәртебесін арттырамыз, оқырмандарын көбейтіп береді екенбіз", - дейі өнер иесі.
Арынан атағын биік қоятындарды елге танытып жатқан өзіміз дейді ол. Ондай қыздарды табалап, елдің көзіне шығарып, қылығын айтудың қажеті шамалы екенін жеткізді. Ол арқылы біз сол арсыздарға жарнама жасаймыз деп түсіндірді.
"Сол қыздарды бағдарламаларға шақырып, намысын таптап, қайта-қайта жұртқа көрсетпегенде, қалатын еді көлеңкеде. Қазір өмірдің ағысы өте жылдам. Соны біз бағдарламаларға шақыру арқылы жарнама жасап, өзіміздің ұл қыздарымыздың жүректерін кірлетеміз", -  деп  ашында Сәкен Майғазиев.
http://stan.kz
18 маусым 2019 ж. 1 345 0