Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Сәкен Майғазиев басшылық қызметке тағайындалды

Сәкен Майғазиев басшылық қызметке тағайындалды

Әйгілі «МузАрт» тобының белді мүшесі, әнші Сәкен Майғазиев басшылық қызметке келді, деп хабарлайды «Жасөркен» порталы.
Әнші Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының проректоры болып тағайындалды. Бұл туралы әнші Мейрамбек Бесбаев Инстаграм желісіндегі парақшасында хабарлады.
«Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының проректоры Сәкен Майғазиев. Дұрыс болды. Сәкеннің қолынан келетін іс. Абыройың арта берсін», – деп жазды Мейрамбек әнші.
«Бүгін біздің академияның оқытушылық-профессорлық құрамына жаңа проректорымды таныстырдым. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының шығармашылық жұмыстар және xалықаралық байланыстар жөніндегі проректоры болып Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәкен Майғазиев тағайындалды. Еліміздің мәдени кеңістігінде өз орны, өз жолы бар тұлға, кәсіби өнер шебері ретінде Сәкен Қордабайұлы жаңа қызметте абырой биігінен көрініп, ғылыми-шығармашылық салада сан асуларды бағындыратынына сенемін! Біздің мемлекетімізде қарапайым азаматтарға талант, кәсібилік, шеберлік, еңбекқорлық, тынбай ізденістің арқасында биік белестерді бағындыруға болатынына Сәкен Майғазиевтің өмір мен өнер жолы — жарқын үлгі. Үлкен отбасының тоғызыншы перзенті өнер әлеміндегі барлық асуларды өзінің мақсатшылдығы мен еңбекқорлығы арқылы бағындырды. Білім алу жолында — колледж, академияда бакалавр, магистратура, докторантура секілді баспалдақтардан өтті. Сонау тоқсаныншы жылдардың ортасында «Мөлдір моншақтар» деп ән әуелеткен өнерге ғашық, мөлдірлік пен тазалыққа жаны іңкәр жас талант Сәкен мен Қазақстанның айтулы қайраткер азаматы Сәкен Майғазиевтің арасында жиырма жылдан астам уақыт төгілген маңдай тер, тынымсыз жұмыс, ізденіс, кәсіби шеберліктің ізі жатыр. Әкенің аманатына адал ұл, Ананың аяулы перзенті ретінде Сәкен Қордабайұлы — тек бір әулеттің ғана емес, ел мақтанышына айналған азамат! Өзі де өнегелі отбасының иесі. Сәкен — әрқашан да мәртебең үстем болсын!»,
 – деді Өнер академиясының жаңа ректоры Асхат Маемиров фейсбук парақшасында.
zhasorken.kz
05 желтоқсан 2018 ж. 2 209 0