Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Бір қазақ көкке көтерілсе, риясыз қуанамын": Сәкен Майғазиев Ержан Максимді құттықтады

"Бір қазақ көкке көтерілсе, риясыз қуанамын": Сәкен Майғазиев Ержан Максимді құттықтады

Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандық Ержан Максимді "Голос. Дети" байқауындағы жеңісімен құттықтап, жазба қалдырған. Қазақтың маңдайына біткен Ержан Максимдей талантты ұлды тіл-көзден сақтап, болашағы жарқын болсын деп тілек білдірді өнер иесі.
"Бір қазақ көкке көтерілсе шынайы, риясыз қуанатындардың алдыңғы қатарындамын. Бір күн бұрынғы құттықтау видеома тыйым салып, бұғаттап тастапты. Қайырлысы. Алла тіл-көзден сақтасын, құлыншақ. Сенің жеңісің Қазақстанның жеңісі!" - деп жазды Сәкен Майғазиев.
Өнер иесінің бұл жазбасын көрген желідегі жұрт та Ержан Максимге ақ тілектерін жаудырды.
"Озып шыққан ботақан, адалдық бар, көрдің бе?", "Қазақтың текті азаматтары Димаш пен Ержан, қыран құстай самғай беріңдер", "Жарайсың, құлыншақ! Дауысыңнан айналдым", - деп жазды жұрт.
27 мамыр 2019 ж. 1 095 0