Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ержан Максим 25 мамырда "Голос. Дети" байқауының финалдық шығарылымында өнер көрсетеді

Ержан Максим 25 мамырда "Голос. Дети" байқауының финалдық шығарылымында өнер көрсетеді

Ержан Максим 25 мамырда "Голос. Дети" байқауының финалдық шығарылымында өнер көрсетеді

"Голос. Дети" байқауының арнайы финалдық шығарылымы 24 мамыр Мәскеу уақытымен сағат 21:30 да, 25 мамыр Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 00:30 да Бірінші арнадан тікелей эфирде көрсетіледі. Тікелей эфир бағдарламаның ютуб арнасынан да көрерменге ұсынылмақ.
Отандасымыз, жас әнші Ержан Максим арнайы финалдық кездесуде "All by myself" әнімен сахнаға шықпақ. Бұл туындыны Ержан Максим арты дауға айналған бірінші финалдық кездесуде де орындаған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Ержан Максимді "Голос. Дети" байқауының әділқазылары да қолдап, жеңіске жетуге лайық деп тапқан болатын. Алайда, Алсудың қызы Микелла Абрамованың жасанды жолмен дауыс жинауы қазақстандық жігітке жеңіске жетуге кедергі болған. Зерттеу нәтижелері бойынша Микелла Абрамованың жеңісі күшін жойған. Енді үш өрен екінші мәрте "Голос. Дети" байқауының жеңімпазы атағына күресетін болады.
http://stan.kz
24 мамыр 2019 ж. 949 0