"Танымал болу шарт емес": Сәкен Майғазиев кімнен үлгі алатынын айтты

Үлгі тұтатын ағаларының көп екенін айтқан Сәкен Майғазиев солардың біріне мысал келтіріп мақтанған. Осылайша өзі жақсы болған соң, жанынан жақсы адамдардың табылатынын жеткізгісі келді ол. Әнші әрбір адамның бойынан тек жақсы қасиетін алуға тырысады екен.
"Мұқағали атамыз айтпақшы біреудің жақсы қасиеті болса аласың, жаман қасиеті болса қолың жетпес құла түзге лақтыр дейді ғой. Мысалы өмірде Кенжеәлі деген ағам бар. Ана кісінің түріне қарайсың, маған ешқандай әріп үйретпеді, нота үйретпеді. Бірақ мен ол кісіні ұстаз санап, үлгі тұтамын", - дейді өнер иесі.