Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Мәдениет қызметкерлері баспанамен қалай қамтылады?

Мәдениет қызметкерлері баспанамен қалай қамтылады?

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәдениет қызметкерлері баспанамен қалай қамтылатындығын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қызметкерлердің тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 2020 жылғы 23 қазанда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен «Қазақстандық ипотекалық компаниясы» Ипотекалық ұйымы» АҚ арасында 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй сатып алу туралы келісімге қол қойылды.

Мемлекеттік бағдарлама аясында министрліктің мемлекеттік қызметшілеріне Нұр-Сұлтан қаласынан 20 пәтер бөлінді», деді министр ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысында.
17 маусым 2021 ж. 517 0