Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Баспана алу үшін зейнетақы жинағын қалай қолдануға болады

Баспана алу үшін зейнетақы жинағын қалай қолдануға болады

Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу ережелері «ашық нормативтік-құқықтық актілер» сайтында талқылау үшін жарияланды.
Осы қағидаларға сәйкес, зейнетақы төлемдері, оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін жеке қаражаты және заем ретінде пайдаланылуы мүмкін. Бұл:
  • тұрғын үй сатып алу, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты ресімдеу, тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында жекешелендіру, бөліп төлеу, тұрғын үйді айырбастау жолымен сатып алу;
  • сатып алу құқығымен жалдау шарты бойынша берешекті ішінара/толық өтеу;
  • жеке тұрғын үй құрылысы және жер учаскесін сатып алу;
  • екінші деңгейдегі банктерден, ипотекалық ұйымдардан баспана сатып алуға болады. Оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты ресімдеу қарастырылған. Сондай-ақ, сатып алу құқығымен жалдау, жекешелендіру, бөліп төлеу, баспананы айырбастау, жеке тұрғын үй салуға да мүмкіндік бар.  Жер учаскесін сатып алу үшін ипотекалық қарыз алып, бастапқы жарнаны енгізуге болады. Айта кетейік, банктік қарыз шарты шеңберінде баспана сатып алуға және оны жөндеуге ипотекалық тұрғын үй қарызын беру жүзеге асады;
  • алдын ала баспана қарызын, аралық тұрғын үй қарызын, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты ресімдеу де қарастырылған. Баспана жағдайын жақсарту мақсатында сатып алу құқығымен жалдау, жекешелендіру, бөліп төлеу, баспананы айырбастау, жеке тұрғын үй салуға болады. Сондай-ақ ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру мақсатында баспана құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша салымды толықтыру көзделген.
Өтініштерді қарау тәртібі және жинақтарды алудың қосымша шарттары туралы мына жерден білуге болады.
kyzylorda-news.kz
10 желтоқсан 2020 ж. 571 0