Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Бүркіт пен Аиша зәулім үйлері мен қымбат көліктерін көрсетті (фото)

Бүркіт пен Аиша зәулім үйлері мен қымбат көліктерін көрсетті (фото)

Әнші Бүркіт өзі тұрғызған зәулім үйі мен көліктерін көрсетті. Ол карантин кезінде қалай күн көргенін әңгімеледі. Ал Аиша 1,5 жылдан бері намаз оқып жүргенін, дінге деген көзқарасы жайлы Динара Сәтжанның "100 сұхбат" бағдарламасында айтты. 

Бүркіт пен Аишаның автотұрағында 4 автокөлік бар. Оның ішінде: балаларды тасуға және саяхаттауға арналған микроавтобус, Range Rover (Аишанікі), Rav4 (қарындасына тиесілі) және Bentley (Бүркіттікі) бар. Әнші қашанда қымбат көлікке құмар болғанын жасырмайды. 
"Астымда жақсы көлік болмаса, өзімді жайсыз сезінемін. Тұлпарсыз батыр сияқты", – деп ағынан жарылды ол.
Бүркіт 520 шаршы метрлі екіқабатты зәулім үйін үш жылда соққан. 2011-де құрылыс жұмыстарын бастаған ол 2014-те отбасымен осында көшкен. 
Сондай-ақ әнші тағы бір үй салып жатқанын айтты. Онда ата-анасы мен бауырлары, өзге де қонақтарды қарсы алатынын жеткізді.Жұлдызды жұп бағдарлама барысында үйдің ішін көрсетті. Үйдегі жиһаздар, кілемдер, бәрі-бәрі шетелдік танымал брендтерден. Мұны байқаған Динара Сәтжан: 
"Үйлеріңде қарапайым ештеңе жоқ", – деп таңданды. 
Мәселен, қонақүйдегі үстел мен орындықтар Парижде шығатын люкс санатындағы "Рош бабуа" жиһаз орталығынан әкелінген. 
Үйдің ішінде толықтай түркмен кілемдері төселген. 
"Бұлар кемі 10 мың доллардан тұрады", – деп атап өтті Динара Сәтжан. 
Қонақ бөлмедегі диван американдық Desiderio дизайнерлік салонынан. Мұндай зәулім үйді ұстау үшін Бүркіт пен Аиша бірнеше көмекші ұстайды. Алайда карантин енді басталған шақта Бүркіт қызметшілерін босатқан. Бұл шақта Аиша қатты қиналғанын айтады. "Көмекшілер болмаса қиын. Үйді ұстай мен балаларға көңіл бөлу қиыспайтын дүниелер. Карантин бойы балаларға қарадым, үйдің тірлігімен айналыстым", – деп ақтарылды ол.Сондай-ақ жұлдызды жұп отбасылық қуанышымен бөлісті. Жақында Бүркіт пен Аиша ұлдары Зейін мен Омарды сүндетке отырғызған.Сұхбат барысында, Бүркіт Аишаның 1,5 жылдан бері дінге бет бұрғанын айтып қалды. Ыңғайсызданып қалған Аиша тек таң намазын оқып жүргенін, Құдайдан дұға тілеген күні өзін жақсы сезінетінін айтып өтті.

stan.kz
13 қыркүйек 2021 ж. 1 260 0