"Артық нәрсе айтуға қорқатынбыз": Бүркіт пен Аиша тойдан кейін бір-бірін қалай жақсы көріп кеткенін айтты

Бүркіт пен Аиша шаңырақ құрғаннан кейін қарым-қатынастарының өзгеріп кеткенін, бір-біріне деген сыйластықтың, сүйіспеншіліктің пайда болғанын жасырмады. Жұлдызды жұп тойдан кейін бір-бірін қатты жақсы көріп кеткен.
"Ұрсысуды мүлдем қойдық. Отбасыда ыдас-аяқ сылдырламай тұрмайды ғой. Арасында болып тұрады. Алайда, 5-10 минуттан артыққа шыдамаймыз. Шаңырақ құрғанымызға 9 жыл болды. Әрбір отбасыға тыныштық пен түсіністік тілейміз. Бақытты болыңыздар", - деп жазды Бүркіт.