Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Күнәларды жуатын үш нәрсе

Күнәларды жуатын үш нәрсе

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде:

Пендені құтқаратын үш нәрсе, қирататын үш нәрсе, дәрежесін көтеретін үш нәрсе, күнәларын жуатын үш нәрсе бар.
Құтқаратын үш нәрсе:
Оңашада да, жарияда да Алладан қорқу
Кедейлікте де, байлықта да жақсы ниетте болу
Разылықта да, ашуда да әділ болу.
Қирататын нәрсе:
Қатты сараңдық
Созылмалы әуейілік
Өзіне-өзі таң қалу.
Дәрежені көтеретін үш нәрсе:
Сәлемдесу
Адамдарды тамаққа шақыру
Жұрт ұйықтап жатқанда намаз оқу
Күнәні жуатын үш нәрсе:
Суық түндерде дәрет алу
Жамағат намаздарына бару
Намаздан соң келесі намазды күту» – деген (Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен).

elana.kz

04 сәуір 2019 ж. 1 423 0