Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Баян Нұрмышева бірінші некесінен туған ұлын неге көрсетпейді?

Баян Нұрмышева бірінші некесінен туған ұлын неге көрсетпейді?

Ерлан Орынбасаров пен Баян Нұрмышеваның жанұялық фотосына қарасаң көз тояды. Анасы мен әкесі, олардың қос ұлына қарап сүйсінбейтін жан жоқ.
Әйтсе де, жұлдызды жұп бірінші некелерінен туған балаларын неге көрсетпейді?Баян Нұрмышева үшін де, Ерлан Орынбасаров үшін де бұл екінші неке. Қос әншіде алғашқы отбасыдан бір-бір ұлдан бар. Алайда Ерлан да, Баян да желіде тек ортақ ұлдарының суреттерін жариялайды.
Жұлдызды жұп бұл сұраққа келгенде журналистерден басын ала қашады.
“Біріншіден, отбасыға келгенде, ескі жараның бетін қасудың қажеті жоқ. Ол жайлы мүлдем айтпай-ақ қояйық. Өйткені өткен нәрсе жайлы ақпарат берсең, ол халыққа телехикая сияқты. Ел келесі сериясын көргісі келеді. Оның ар жағында қалай болды, терең біліп одан сайын бықсытып, соны үлкен талқыға түсіргенді жақсы көреді. Бір рет айтылған әңгіме жабылуы керек. Түсінікті нәрсе”, – дейді Ерлан Орынбасаров “Алматы” арнасының “Әңгіме болсын” бағдарламасында.
Stan.kz
13 қараша 2018 ж. 2 071 0