Елбасының құттықтауын Қытайдың басты арнасы көрсетті
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын Қытайдың басты жаңалықтар арнасында көрсетті, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар, құттықтауды Қытайдың ССТV-1 бірінші телеарнасында көрсеткен.«Кеше Қытайдың ССТV-13 жаңалықтар арнасында Нұрсұлтан Назарбаевтың қытай халқын қытай күнтізбесі бойынша жаңа жыл мерекесімен құттықтағанын көрсетті. Осылайша, Қазақстан Президенті қытай халқын теледидарда құттықтаған алғашқы көшбасшылардың бірі болды», - деп мәлімдеді саясаттанушы Ерлан Қарин өзінің Telegram арнасында.
«Жұма күні, яғни қытай жаңа жылының бірінші күнінде ССТV және CGTN арналарында Нұрсұлтан Назарбаевтың толық сұхбатын көрсетеді. Бұл – біздің мемлекеттің Қытай ақпарат кеңістігіндегі ең үлкен шараларының бірі», - деді Ерлан Қарин.