Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жұлдызға үйленгенін ақыры мойындаған Айқын көпшіліктің сынына жауап берді

Жұлдызға үйленгенін ақыры мойындаған Айқын көпшіліктің сынына жауап берді

Әнші Айқын Төлепбергеннің «Кешью» тобының бұрынғы мүшесі Жұлдыз Өмірғалимен бас қосқаны туралы қауесет ел арасында былтыр тараған еді. Артынша олардың сәбилі болғаны туралы ақпарат пайда болды. Алайда жұлдызды жұп осы уақытқа дейін некесі туралы тіс жармай, жасырып келген еді, деп жазады Stan.kz.

Таяуда Айқын мен Жұлдыздың ортақ ұлы бар екені расталды. Оны әншілердің өзі мойындап, ұлдары Санжарда бір жасқа толған туған күнімен құттықтады. Сондай-ақ, алғаш рет желіде суретін жариялады.
Ал күні кеше ғана Айқын ұлына дүркіретіп той жасап берді. Үшеуінің бірге түскен суреттері тарап кеткеннен кейін, желі қолданушылар әншіні қызу талқыға салған. Көпшілік Айқынды әйелі мен екі баласы бола тұра, жас қызға үйленді деп сөксе, Жұлдызды «айрандай ұйып отырған отбасының шырқын бұзды» деп кінәлады.
Өз кезегінде Айқын Төлепберген өз тарапына айтылып жатқан сындарға жауап берді.
«Құрметті оқырмандар! Өнерім мен шығармашылығыма сын айтсаңыздар орынды шығыр деп білемін. Бірақ бір өтінішім, жеке өміріме араласпауларыңызды өтінемін», – деп жазды әнші Instagram-парақшасында.
Десе де әншіні әлі де сынап жатқандар бар. Сонымен қатар кейбірі оны жақтап, көпшіліктен әншінің жеке өміріне араласпауын сұрады.
Stan.kz
27 тамыз 2018 ж. 3 388 0