Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Шаршамайды екен: КешYou тобының құрамы тағы өзгере ме

Шаршамайды екен: КешYou тобының құрамы тағы өзгере ме

Осы уақытқа дейін 7-8 рет құрамын ауыстырған КешYou тобында тағы да өзгеріс болуы мүмкін. Тағы бір сері “жаңғақты” қыздар тобынан бір аруды алып кеткен ұқсайды. Себебі соңғы кездері КешYou-тобының ресми парақшасында тек Балжан Бидаш пен Назым Әбілдинаның суреттері жарияланып жүр.

Бұл туралы Shine Production-ның YouTube-тегі ресми арнасында хабарланды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Сондай-ақ, Элизат Берікованың парақшасы суреттерден тазарып шыға келген. Алайда аталған жайтқа қатысты Элизаттың өзі де, оның продюсерлері де пікір білдірмеді.


Есесіне желіде пайда болған кадрларда, Элизаттың орнын топтың бұрынғы әншісі Жұлдыз Өмірғали алмастырған. Әнші Айқынға ұл тауып берген Жұлдыз топқа қайта оралды ма әлде тек жоспарланған кештерге қатысып, топқа қол ұшын берді ме, ол жағы белгісіз.
Жұлдыздың өзі қазір шетелде жүргенін айтып, аталған жайтқа қатысты елге келгеннен кейін жауап беретінін айтқан.
Stan.kz​​​
18 мамыр 2018 ж. 2 090 0