Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Танымал қазақ әншісі 15 жастағы қызбен екінші рет шаңырақ көтерді

Танымал қазақ әншісі 15 жастағы қызбен екінші рет шаңырақ көтерді

Танымал әнші Асан Пердешов екінші рет шаңырақ көтерді. Алайда бірінші әйелімен ажырасқан әншінің таңдауы 15 жастағы қызға түсіпті, деп хабарлайды Stan.kz.

Желіде әнші Асан Пердешовтің екінші рет шаңырақ көтергені туралы мәлімет тарап, суреттері жарияланып жатыр.
Бұл ақпаратты әншінің өзі де жоққа шығарып отырған жоқ. Өзінің Instagram-парақшасына екінші әйелімен бірге түскен суретін жариялаған әнші: «Құттықтап қойсаңыздар болады», – деп жазды.
 Алайда желі қолданушылары әншінің әйелінің жас екенін айтып, сынап жатты.

Пікір қалдырушылардың арасынан жас қалыңдықты танитындар да табылды. Олар бойжеткеннің есімі Әнел екенін және 2003 жылы дүниеге келгенін айтты.
Десе де әншіні жақтап, «махаббаттың жасқа қарамайтынын» айтқандар да болды.
«Бақытты бол! Махаббат жасқа қарамайды», «Бір жастықта біге қартайыңыздар», «Құтты болсын! Сіз бақытты болуға лайықсыз», – деген пікір қалдырушылар жас жұбайларға бақыт тілесті.

Stan.kz
26 шілде 2018 ж. 7 041 0