Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Абай Бегей екінші рет шаңырақ көтерді

Абай Бегей екінші рет шаңырақ көтерді

Үш жыл бұрын жан жарынан айырылған Абай Бегей екінші рет шаңырақ көтерді. Әншінің таңдауы Фариза есімді аруға түскен. Қуанышты жаңалықты әншінің әріптестері әлеуметтік желіде жеткізді.


 
«Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Абекем мейірімді, алтын адам. Фариза иманды, инабатты қыз. Бәріңіз білесіздер, Әбекем адал жарынан 3 жыл бұрын айырылды. Қиналды. Қайғырды. Қажыды. Әбекемнің балапандарына Фаризаның аналық махаббатын сыйлай алғандығын, балапандарының оған бауыр басып, жақсы көріп қалғанын айтқанда көзіме жас келіп, қуандым. Қатты сынап, сөкпеңіздер. Той дейсіз бе? Абай досым да отыз ойланып, қырық толғанды. Фаризаның да ата-анасы, туған-туыстары бар. Ол да ақ койлек киіп, ақ бата алуды армандайды. Бақытты болғысы, бақытқа бөлегісі келеді. Баянды болғай. Құдіреті күшті Алла Тағала Ләухул Мағфузда кім қашан туылатынын, есімі кім болатынын, кімге үйленіп, қанша баласы болатынын, қанша жас жасап, қашан жан тапсыратынын жазып қояды. Сондықтан, ТӘҢІР берген тағдырды талқыға салудан сақ болайық. Келер күніне ешкім кепілдік бере алмайды. Дана қазақ "Өзгеге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле" дейді. Жарасымды жұпқа жақсылық тілеп, жүректерімізді таза ұстайық. Алла баянды бақ берсін!»-деп жазған Сәкен Майғазиев.
reactor.inform.kz
03 шілде 2018 ж. 3 034 0