Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ұлықпан Жолдасовтың ұлы әйелімен ажырасып кеткені рас па?

Ұлықпан Жолдасовтың ұлы әйелімен ажырасып кеткені рас па?

Ұлықпан Жолдасовтың ұлы Болат Жолдасов 2014 жылы қарағандылық арумен шаңырақ көтерген болатын. Бірақ бұл бақыт ұзаққа созылмаған сыңайлы. Әншінің құпиясын анасы Айған Жолдасова ашып қойды.

 
 
Анасы желідегі парақшасында баласын туған күнімен құттықтаған.
 
«Балапаным,жасың құтты болсын! Денің сау болсын! Абройлы бол! Және екінші видеодағы тілек қабыл болсын!»-деп жазған.
  
Ал келесі видеода Болатты туған күнімен құттықтай келген Света Айтпаева «Осы үйге келін келсін, жұғысты болсын» деп мына гүлді арнайы әкелдім деп» ұзату тойынан әкелген ақ гүлдерін тарту етіп жатыр.
 
Желі қолданушыларының көп сұрағына берген бір жауабында Айған Жолдасова ұлының үш жылдан бері әйелімен бөлек тұратынын айтқан.
 
Оқырмандар болса Болаттың бірінші жарының аяғы ауыр болғанын, баласымен араласатынын я араласпайтынын айтып жатыр.
/reactor.inform.kz/​​​
24 шілде 2018 ж. 4 219 0