Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жолжақсынов «Отан» орденімен марапатталды

Жолжақсынов «Отан» орденімен марапатталды

Танымал актер, Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсынов «Отан» орденімен марапатталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық мәдениетті, кинематографияны және театр өнерін  дамытуға қосқан айрықша еңбегі үшін Досхан Қалиұлы Жолжақсынов «Отан» орденімен наградталсын, - делінген хабарламада.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

baq.kz
07 қазан 2021 ж. 1 166 0