Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Путин, Лукашенко және Жээнбеков «Назарбаев орденімен» наградталады

Путин, Лукашенко және Жээнбеков «Назарбаев орденімен» наградталады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Қаулы етті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Еуразиялық интеграция идеясының 25 жылдығына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қоюдың 5 жылдығына орай, сондай-ақ Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтуге қосқан айрықша үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен наградталсын:
Путин Владимир Владимирович – Ресей Федерациясының Президенті
Лукашенко Александр Григорьевич – Беларусь Республикасының Президенті
Жээнбеков Сооронбай Шарипович – Қырғыз Республикасының Президенті», - деп Қаулы етті ҚР президенті.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
https://baq.kz
28 мамыр 2019 ж. 916 0