Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елбасы: ЕАЭО қысқа уақыттың ішінде аяғынан нық тұрды

Елбасы: ЕАЭО қысқа уақыттың ішінде аяғынан нық тұрды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ жұмысына баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз Еуразиялық экономикалық одақта ортақ кедендік аумақ пен біртұтас ауқымды нарық құрдық. Негізгі салалардағы экономикалық саясатты бірлесе отырып үйлестіреміз. Интеграциялық процестер біздің мемлекеттеріміздің экономикалық өсімі қарқынына айтарлық үлес қосуда. Оны осы жерде Президент Владимр Путин мен Президент Александр Лукашенко да айтты. Оған стратегиялық салалардағы оң динамика, ауыл шаруашылығындағы, өнеркәсіптегі экономиканың өсімі септігін тигізіп, елдер арасындағы сыртқы, сонымен қатар өзара саудада айтарлықтай серпіліс орын алды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы барысында.
Мемлекет басшысы өткен жылы ЕАЭО-ның сыртқы өзара сауда көлемі сәйкесінше 24,5-26 пайызға ұлғайғандығын еске салды. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев оң динамиканың ағымдағы жылы да сақталып отырғандығын баса айтты.
«Біздің ұйымымыздың халықаралық беделі де нығая түсті. Бізбен сауда-экономикалық ынтымақтастықта болуға ұмтылатын елдердің қатары арта түсуде. Толықтай алғанда, қысқа ғана уақыттың ішінде ЕАЭО аяғынан нық тұрып, толыққанды интеграциялық бірлестік ретінде қалыптасты деп айтуға болады. Бүгінгі отырыс біздің ұйымымыздың одан әрі өсуіне және дамуына айтарлықтай өз үлесін қосатындығына сенімдімін», - деді Қазақстан Президенті.
Айта кетейік, Ресейдің Сочи қаласында мемлекет басшыларының қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысы өтуде. Шараға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей басшысы Владимир Путин, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Беларусь басшысы Александр Лукашенко және Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян қатысуда.  Басқосуда Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясындағы көпбағытты ынтымақтастықтың түрлі аспектілері, ұйымның ұйымдастыру-кадрлық бағыттағы шаралары мен ағымдағы жұмыс барысы сөз болады деп күтіледі. Күн тәртібіне 15 мәселе қойылған. Олардың екеуі шағын құрамда қаралады.
inform.kz
15 мамыр 2018 ж. 1 396 0