Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » ​Мөлдір Әуелбекова жолдасының ұлын іздемейтінін айтып, көз жасына ерік берді

​Мөлдір Әуелбекова жолдасының ұлын іздемейтінін айтып, көз жасына ерік берді

Біраз уақыт бұрын Мөлдір Әуелбекова жолдасы Арыстанмен ажырасып кеткендерін айтқан болатын.
«Ел аузында» бағдарламасына сұхбат берген әнші бұрынғы жолдасының ұлын іздемейтінін айтып, көз жасына ерік берді.
«Әкесі ұлын іздемейді, келмейді. Ресми түрде ажырасып кеткенімізге бір жарым жылға таяп қалды. Осымен тақырыпты рұқсат болса жабайық. Аллаға сансыз шүкір бүгінімде бақыттымын! Тәп-тәтті ұл өсіріп отырмын, ата-анам, бауырларым жанымда! Ең маңыздысы, осындай сынаққа тап болған сәттерімде, әрдайым сағымның сынбауына себепкер болатын мені қолдаушы да, қорғаушы да Сіздер барсыздар! Көзімнің жасын сүртетін жақындарым мен халқымның арқасында мен бекеммін!»-дейді әнші.
reactor.inform.
19 қыркүйек 2018 ж. 2 602 0