Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Бүгін Роза Рымбаева 66 жасқа толды

Бүгін Роза Рымбаева 66 жасқа толды

Бүгін Қазақ КСР-нің Халық әртісі, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Роза Рымбаеваның туған күні. Әнші 66 жасқа толды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Роза Рымбаева 1957 жылы 28 қазанда Семей облысы Жаңғызтөбе ауданында дүниеге келген. Т.Жүргенов атындағы Алматы театр-көркемөнер институтын бітірген, музыкалық комедия актері. Эстрада әншісі (сопрано), педагог, профессор.

Қазақ КСР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қырғызстан мен Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі. 1976 жылдан – «Гүлдер» республикалық эстрадалық-жастар ансамблінің мүшесі. 1979 жылдан - Қазақ мемлекеттік «Қазақконцерт» бірлестігінің әншісі. «Парасат» орденімен марапатталған. «Эстрада жұлдызы» аталымында «Жыл адамы» (2000) атанған. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, «Өмірді әнмен өрнектеп» телевизиялық конкурсының, Бүкілодақтық жас орындаушылар конкурсының лауреаты. «Алтын Орфей», «Сопот-77», «Алтын микрофон» фестивальдарының Гран-при иегері.

Әнші халық арасында киноактриса ретінде де танымал. Ол «До свидания, Медео» фильмінде басты рөлді сомдады, әрі «Первая песня» фильмі, «Женский взгляд», «Роза Рымбаева», «Роза», «Хвост кометы», «И снова здравствуйте!» деректі фильмдеріне түсті.

Айта кетейік, жақында Роза Рымбаева «Халық әртісі» атағына қатысты пікір білдірген болатын.
28 қазан 2023 ж. 1 864 0