“Біз сені қатты күтудеміз“. Мейрамбек Беспаев тағы да әке атанады

Қуанышты жаңалықты әншінің әйелі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"Әйел үшін қуанышқа толы ең бақытты кездердің бірі - ол 9 ай құрсағында сәбиін көтеріп жүру болса керек. Аллаға шүкір, осы әдемі кезеңді мен де міне, үшінші рет басымнан кешудемін! Араға 9 жыл салып көрген қуанышымды сіздермен бөліскім келіп отыр. Біз сені қатты күтудеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын", - деп жазды әншінің әйелі Мархабат Беспаева.
Сурет: ашық дереккөзден