Димаш Құдайбергенді Мәскеу жұрты қуана қарсы алды

«Мәскеуге ұшып келдік. Кремль ұлттық сарайында 22 және 23 наурызда көріскенше. Қымбаттыларым, жылы лебіздеріңізге рахмет!», - деп жазды Instagram парақшасында әнші.
Димаш жанкүйерлерімен бірге суретке түсіп, оларға қолтаңба берді. Мәскеу халқына алғысын білдіріп, олардың сенімін өнері арқылы ақтайтынын айтты.