Ресейде өткен фестивальда қазақстандық фильм топ жарды

"Дух огня" – дебюттік фильмдерге арналған Ресейдің жетекші фестивалінің бірі. Фестиваль – жас режиссерлер үшін маңызды алаң. Биыл фестивальда 14 елдің жаңа фильмі көрсетілді. Олардың қатарында Малайзия, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Таиланд, Иран, Үндістан, Сингапур және басқа да елдер бар.
"Шатырдағы екеу" фильмі – режиссер Гүлшат Смағұлованың дебюттік фильмі. Онда адамның өз орнын табуы, махаббат пен мейірім секілді маңызды тақырыптар қозғалады. Туынды кездейсоқ кездесулер адам тағдырына қалай әсер ететінін баяндайды.
"Росконгресс" қорының жүлдесі фильмде мәдени, тарихи құндылықтар көрсетіліп, олардың мәні толық ашылғаны үшін табысталып отыр.
Фото: baq.kz