Кең болсаң, кем болмайсың

– Қайтер дейсің, жаңбыр – нұр ғой, – деп шапанын басына бүркеніп, таң атқанша жата алмай отырыпты. Ертеңінде Абай қайтарында:
– Ұзатқан, күзем кезінде біздікіне келерсің? – депті. Айтқандай ел күземін алған соң Мұсақұлда отырған Абайдың ауылына Ұзатқан келіпті. Бірнеше күн жатып, енді қайтарында, Абай Ұзатқанды шығарып алып:
– Не сұрайсың, досым? – дейді. Ұзатқан:
– Түк сұрамаймын, – депті. Сонда Абай:
– Мынаған, бір ат әкеліп ноқталаңдар, – депті. Сонда Ұзатқан:
– Әй, Абайжан-ай, қателестің ғой, – депті. Абай:
– Олай болса, мынаған бір үлкен кесек киіз дайындаңдар, атты да, киізді де ал, разымын, – депті. Ұзатқан:
– Абайжан, бұл бір кесек киізді жаңбыр жауған күні сенің тұсыңа тартам ба, өз тұсыма тартам ба? – депті. Сонда Абай сүйсініп:
– Е, байғұсым, солай де ... – деп бір жақын адамдарын шақырып алып:
– Қазір төрт қанат үйге бау-шуымен киіз дайында! – депті.
Сөйтіп осы жолы Ұзатқан бір ат пен төрт қанат ақ үй алып қайтыпты.
(Ел аузынан)