"Мақтаншақ": Нұрлан Еспанов көлігін Абай Бегейге "ұзатқанын" айтты

Ал Абай Бегей болса, Нұрлан Еспановтың көлігіне неге қызыққанын түсіндіріп берді. Тіпті өнер иесі көліктің бағасын да жасырған жоқ. Соған қарағанда Абай мырзаның салоннан көлік алуға ақшасы жетіңкіремеген сияқты.
"70 тойота алайын деп жүрген едім, көлігімді сатып. Әңгімеден әңгіме шығып, көлігімді аласың ба деп сұрады. 70 қымбаттау болып қалды да, Нұреке сіз өзіңіздікін маған сатыңыз, сіз салоннан алыңыз дедім. Өзінің алған бағасына алдым. Ол басқа қалаларға баруға, алыс жолға жарамды болған соң қызықтым. Бағасы 9 миллион 500 мың теңге тұрады", - дейді Абай Бегей.