Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Көңілі толмайды": Нұрлан Еспанов ұлына әскерге баруға рұқсат бермеген

"Көңілі толмайды": Нұрлан Еспанов ұлына әскерге баруға рұқсат бермеген

Белгілі Өнер иесінің ұлы бүгінде журналистика мамандығының магистранты. Олжас Еспанов әкесі әскерге жібермей қойғандығы туралы айтып берді. Осылайша өнер иесі жалғыз ұлын жанынан алыстатқысы келмеген. Оның үстіне, Олжас Еспановтың өзі де әскерге қызығушылық танытпаған сияқты."Мен отбасымда жалғыз ұлмын. Ата-анам о бастан әскерге жіберуге қарсы болды. Сондықтан әскери кафедрада оқуға тура келді. Мен бірден құжаттарымды жинап, әскери кафедраға тапсырдым. Өзім әскерге барғым келген жоқ. Артымда екі қарындасым бар. Оларға да қарасып, көмектескім келеді. Әскерге кетсем не болады деп ойладым. Қазіргі әскерге әкемнің көңілі толмайды. Сондықтан жібермеген шығар", - дейді Олжас Еспанов.
http://stan.kz
21 маусым 2019 ж. 1 202 0