Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘСКЕРГЕ БАРУ – МІНДЕТ ҚАНА ЕМЕС, ЗОР АБЫРОЙ

ӘСКЕРГЕ БАРУ – МІНДЕТ ҚАНА ЕМЕС, ЗОР АБЫРОЙ

Аудандық жастар ресурстық орталығы мен аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ұйымдастыруымен бітіруші колледж және мектеп түлектері мен жұмыссыз жастардың қатысуымен «Әскерге бару – міндет қана емес, зор абырой» тақырыбында кездесу болып өтті.
Жиынға аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, капитан Б.Қуатов, Ауған соғысының ардагері З.Әжіғұлов, аудандық жастар ресурстық орталығының үйлестірушісі Д.Меңдібаев қатысты.
Алғашқы болып сөз алған Б.Қуатов ауданда жыл сайын дәс­түрлі түрде күзгі және көк­темгі мерзімде әскерге ша­қыру науқаны жүретінін, сәуір айының бірінен бастап көктемгі әскерге шақыру үрдісі басталып, биыл ҚР-ның Қарулы күштеріне, Ішкі әскерлер мен Шекара қызметі, Республикалық ұлан, Төтенше жағдайлар министрл­ігі әскери бөлім­деріне жөнелтілетінін айтып өтті.
Сонымен бірге, ардагер З.Әжіғұлов жастарға ел байрағын желбіретіп, Қазақстан Республикасының мәртебесін биікке көтеріп, ел намысын жауға қолдан бермей, елге қорған болуға шақырды.
Жиын соңында жастар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Кездесуді автоматты уақытқа жинауды ортаға салған мектеп оқушылары шеберліктерімен қорытындыланды.
01 мамыр 2019 ж. 2 058 0