"Екі мәшиненің құны": Нұрлан Еспанов қымбат шаңсорғышы туралы айтып мақтанды

Шаңсорғыштың дауысының қаттылығы соншалық, тіпті төменгі қабаттағы көршісін де шаршатқан сыңайлы. Бірақ өнер иесі техниканың қуаттылығына риза болып сатып алмақшы болған. Алайда, Нұрлан Еспанов шаңсорғыштың бағасын көріп қорқып қалған екен.
"Анау оталдырып еді, оталған кезде дауысы сұмдық. Кілемді тазалап жатыр еді төменгі қабатта тұратын көршім келді. "Айналайындар-ау, кілемім төбеге жабысып қалды ғой" деді. Екі үйге бір шаңсорғыш жетеді екен ғой десем, шаңсорғыш кәдімгідей қымбат тұрады екен. Сол кездегі екі мәшиненің ақшасы екен ғой", - деп күлдірді өнер иесі.