Алматыға келгеніне біраз жыл болса да жалдамалы пәтерде тұрған Абай Бегей жер алғанын айтып мақтанды. Өмірінде үй салып көрмеген өнер иесі, жер алып, үлкен үйдің құрылыс жұмыстарын бастамақ. Пәтерде тұрса да, қатарластарынан қалыспайын деп, өнер жұлдыздары тұратын ауданнан жер алған. Ақшаның жайын есептеген әнші үй салудан қорқақтап жүргенін жасырмады."Өмірімде үй салып көрмедім. Негізі ер адам болғаннан кейін жер үйде тұрсам деген арманым бар. Біз жер алған мекеннен өзге де өнер адамдары үй салып жатыр. Әбдіжаппар Әлқожа мен Жанболат Найзабеков бар. Жер 5 миллион теңгеге шықты. Бастайын десем, басым айналып жүр. Енді, көп қаражат керек. Тәуекелге бел буайын деп отырмын. Негізі үйіміз Ақтауда. Қыздарымыз осында болғаннан кейін, ниеттеніп жатырмыз, шама келгенше", - деді Абай Бегей.