Қай өңірлерде жұма намазы оқылады?
Еліміздегі пандемия жағдайына байланысты жергілікті бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес республиканың кей өңірлерінде Жұма намазы уақытша тоқтап тұр. Әйтсе де бұл Қазақстанның ешбір аймағында Жұма намазы атқарылмай жүр дегенді білдірмейді.
ҚМДБ Орталық аппараты, ресми сайт пен әлеуметтік желідегі парақшаларына аптаның орта тұсында «Жұма намазы оқыла ма?» деген сауалмен хабарласушылардың қарасы қалың. Тіпті Діни ақпарат беру орталығының (Call орталық) 8 71 72 33 30 30 нөміріне бейсенбі-жұма күндері хабарласушылардың басым көбі қасиетті күні атқарылатын намаздың өтетін-өтпейтінін сұрайды.
Осы орайда еліміздің қай өңірлерінде 27 тамыз күні Жұма намазы қай өңірлерде оқылатыны және оқылмайтыны жөнінде жамағатты құлағдар етуді жөн санап отырмыз. ҚМДБ-ға қарасты 19 өкілдік болса, соның тек 5-уінде ғана жұма намазын оқу уақытша тоқтатылған. Ал қалған өңірлерде жұма намазы мешіт ауласында атқарылып келеді. Сондай-ақ елімізде карантин күшейтілген күндердің өзінде Жұма, жамағат намаздары оқылмай қалса да, мешіттерде бес уақыт намазға азан айту үзілген емес.
Мешітке келуші жамағаттан санитарлық талаптарды ескеріп, бетперде тағып келуді, антисептик пайдалануды және пандемия жағдайына байланысты бекітілген ережелерге түсіністік танытуларын сұраймыз. Алла Тағала жеңілдік беріп, ғибадат-құлшылығымызды қабыл еткей!
1 | Нұр-Сұлтан қаласы | оқылмайды |
2 | Алматы қаласы | оқылмайды |
3 | Шымкент қаласы | оқылмайды |
4 | Алматы аймағы | мешіт ауласында оқылады |
5 | ШҚО | мешіт ауласында оқылады |
6 | Қарағанды облысы | оқылмайды |
7 | Атырау облысы | мешіт ауласында оқылады |
8 | СҚО | мешіт ауласында оқылады |
9 | Ақмола облысы | мешіт ауласында оқылады |
10 | Ақтөбе облысы | мешіт ауласында оқылады |
11 | БҚО | оқылады |
12 | Маңғыстау облысы | мешіт ауласында оқылады |
13 | Түркістан облысы | мешіт ауласында оқылады |
14 | Павлодар облысы | мешіт ауласында оқылады |
15 | Семей аймағы | мешіт ауласында оқылады |
16 | Талдықорған аймағы | мешіт ауласында оқылады |
17 | Қызылорда облысы | мешіт ауласында оқылады |
18 | Жамбыл облысы | оқылмайды |
19 | Қостанай облысы | мешіт ауласында оқылады |
muslim.kz