Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ежелгі Құран кітабы Семейдегі Абай мұражайына тапсырылды

Ежелгі Құран кітабы Семейдегі Абай мұражайына тапсырылды

Семейде Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында 1888-89 жылдары Қазанда басылып шыққан Құран кітабын музей қорына тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Semeynews.kz сайтына сілтеме жасап.

555 беттен тұратын кітап 1977 жылы Ақшоқы қорымынан табылды. Кітапты табыстау үшін Алматыдағы мұражай қорына тарих ғылымдарының докторы, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің доценті, академик Бақдәулет Құмар арнайы келді.

Құран 114 аяттан тұрады. Кітап өте жақсы сақталған, оның барлық парақтары ретке келтірілген. Енді Құран мұражай қорында сақталып, экспозицияның бір бөлігіне айналады.

Аяна Тоғанбек
14 сәуір 2022 ж. 1 076 0