Шариғат бойынша кімдер зекет беруге тиіс?

Зекет парыз болу үшін мұсылман болуы, балиғат жасына жетуі, ақыл-есінің дұрыс болуы, байлығы шариғат белгілеген нисап мөлшеріне жетуі және байлығы қолында бір жыл сақталған болуы керек.
Осы тұста зекет үш түрлі мал-мүліктен берілетінін атап өткен орынды:
алтын, күміс, ақша, сауда тауарлары және басқа да құнды заттар;
төрт түлік малдан: түйе, сиыр, қой, ешкі;
егіндік және жеміс-жидектен зекет беріледі.
egemen.kz