Қазақстанда жиі қойылып жатқан есімдер қандай

Маусым айындағы ең танымал есімдер Әлихан мен Мәдина болды.
Ең танымал 10 ер баланың есімдері келесідей болды:
Әлихан – 298;
Алдияр – 262;
Әмір – 240;
Омар – 233;
Алан – 227;
Айсұлтан – 208;
Мұхаммед – 188;
Нұрислам – 182;
Хамза – 180;
Әли – 171.
Маусым айында қыздарға ең жиі қойылған 10 есім келесідей:
Мәдина – 551;
Айлин - 482;
Айша – 452;
Асылым – 440;
Томирис - 305;
Сафия – 284;
Райан - 283;
Айым – 266;
Әмина – 257;
Аяла - 246.
2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда 189,5 мың бала дүниеге келді: 98 мың ұл, 91,5 мың қыз. Бір жыл ішінде жаңа туған нәрестелер санының төмендеуі 4,3% (8,6 мың), екі жылда 12,3% (26,7 мың.) құрады.