Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қазақ неге ер баланың басынан сипамаған?

Қазақ неге ер баланың басынан сипамаған?

Арқадан қағу мен бастан сипаудың тәрбиелік мәні бар. Бұрын қазақтар ер баланы еркелеткенде басынан сипамаған. Арқасынан қаққан. "Басынан сипау ұл баланы аяп, мүсіркеу сезімдерін туғызады, төмен қарап жүретін жасық болып қалады" деп түсінген,
Ата-ана, ел-жұртына қорған болатын, шаңыраққа ие болатын ұлдың көзін жерден алмайтын жігерсіз, есіркеуді тілеп тұратын ынжық болғанын қаламаған. Ал арқасынан қаққанда ер бала батылданады, жігерленеді, еңсесін тік ұстап, тура қарауға дағдыланады. Неге болса да, тайсалмай қарайтын қайратты, батыл болып ержетсін деп ұлды арқадан қағыпты.
Тағы оқыңыз: Балаға күнде айтылуы тиіс 30 сөз 
Ал қыздарды керісінше басынан сипаған. Қыз - жатжұрттық, қыздың бағы - үйде емес, түзде. Қыз басқа босағаны аттап, өзге үйдің отын жағады, ұрпағын өсіреді. Қызды "кететін бала ғой" деп еркелетеді. "Алдында не күтіп тұр екен, тағдыр-талайы қалай болады" деп басынан сипап аялаған. Қыз баланы басынан сипағанда басы еріксіз еңіс тартады, көз жанары төмен түсіп, жасырынады. Кісі бетіне бажырайып қарамайтын әдетке үйреніп, қызға лайық биязы мінез қалыптасады.
Арқадан қағу мен бастан сипаудың осындай талғамды астары, тәрбиелік мәні бар екен.
17 шілде 2019 ж. 970 0