Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қолда бардың қадірін біл

Қолда бардың қадірін біл

Адам баласы болғаннан кейін пендешілік қанымызда қоса жүреді. Тек оны жүре түзейміз, тәртіпке саламыз. Қанағатшылдық – пенденің ең жақсы қасиеті. Оның аясына сабыр мен жомарттық қоса кіреді. Ал бұл үшеуі біріксе, алынбас қамал болмас.
Ақиқатында, біз бардың қадірін біле бермейміз. Қай жағынан алсақ та  аталған олқылықтың алдын алу қиынға түседі.
Тірі екеніңді сезін, қадірін біл. Әр күн сайын өмірге қанша адам келіп, қанша адам кетеді. Ал сен келуші және келіп қана қоймай өмірде тұрақтаушы адам ретінде өзіңнің қадіріңді біл. Жалғанның жалғандығын сезген күннің өзінде тірліктің мәнін білу керек. Өмірді сүру басқа және сүре білу мүлде басқа.
Отбасың қасыңда ма, қуан. Отбасы – әрбір адамның жылы ұясы. Бәрінен жалғызсырап қалған кезде сізді күтетін отбасыңыз. Достарыңыз, айналаңыздағы адамдарыңыз теріс айналған кезде жаныңызда болатын отбасыңыз. Қиын кезде сүйеу, жақсы күнде қолдау болатын да отбасыңыз.
Махаббатың қадірі – тұрақтылық Сергелдең сезімнің қадірі – тұрақтылық. Қасыңыздағы адамның қадірін біліңіз. «Ол мәңгі қасымда, ешқайда кетпейді» деген ойдан арылыңыз. Өмір тосынсыйға толы. Бәлкім, ол сіздің ырысыңыз. Барды бағалай біліңіз. Маңдай термен келген еңбектің де қадірін біл. Байлық – түрлі мәнге ие ұғым. Ол жан дүние немесе еңбекпен келген  байлық болуы мүмкін. Маңдай термен жеткен еңбектің бағасын білу сіздің алдағы уақытта өміріңіз қалай өтетінің кепілі. Кең болыңыз, кем болмайсыз.
Достың қадірі беріктігінде. Серттесіп дос болудың мәні зор. Дос сіздің жаныңыздан табыла білген жағдайда сіз де оның қадірін ұғыныңыз. «Шынайы достық жоқ, дос аз» дейтін адамдар өздері достыққа берік бола алмағандар. Ең бастысы сіз серттен тайып кетпеңіз.
Достықты қадірлеуіңіз өзіңіздің абыройыңыз. Дүниенің қадірі мен адамның қадірін білу, оны сезіну сіздің жақсы қасиетіңіз.
http://zhambylnews.kz
25 шілде 2019 ж. 1 720 0