Белгілі шоумен, актер, продюсер Нұрлан Қоянбаев "Бизнес по-казахски в Корее" фильміне ең көп қаражат жұмсады. Журналистерге берген сұхбатында Қоянбаев ең қызықтысы да осы кино екенін айтты. Отандық киномедияда Нұрлан Қоянбаевтың өзі, Жан Байжанбаев, Гүлнәз Жоланова және басқа отандық өнерпаздар бой көрсетеді. stan.kz тілшісі фильмнің тұсаукесеріне қатысып, түсірілім тобының мүшелерімен тілдесіп қайтты.