Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Маймыл шешегі туралы не білеміз?

Маймыл шешегі туралы не білеміз?

Маймыл шешегі дегеніміз не?   Бүгінгі  біздің сұхбатымыз Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының   басшысы  А.Сатекеевамен   осы аурудың қоздырғыштары, аурудың жұғу, таралу жолы, оның зардаптары мен  алдын алу шаралары  туралы болмақ.

Сұрақ: Маймыл шешегі - дегеніміз не?

  Маймыл шешегі — зоонозды, вирусты инфекция. Ең алғаш рет маймыл шешегі адамдар арасында Африка  елінің Конго республикасында 1970 жылы тіркелген. Жалпы Африка елдерінде  (Конго Демократиялық Республикасы,  Камерун, Орталық Африка Республикасында) кеңінентаралған. Африка елінен басқа маймыл шешегі алғаш рет   2003 жылы Америка Құрама Штаттарында анықталған. 2022 жылы 13 мамырда Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша әлемде  24 мемлекеттен маймыл шешегі тіркелгендігі туралы ақпарат берілген. Аурудың өршуі Бельгия және Испания мемлекеттерінде 5-15 мамыр аралығында  80 000 адам қатысқан фетиш-фестивалімен (гей парадпен) байланысты  деп болжанған. БДСҰ-ның 2022 жылғы 26 мамырдағы ақпаратымен лабораториялық нақтыланған 400-ден аса жағдай және 500 аса күдікті жағдай тіркелген, соңғы ақпаратпен  аурудың 1200  жағдайы тіркелгені хабарланған.

Сұрақ : Аурудың негізгі көзі не ?

         Аурудың негізгі көзі жабайы жануарлар: приматтар мен кеміргіштер (егеуқұйрық, тиін,т.б.). Аурудың жұғу  мерзімі:  5-21 күн аралығы. Қазіргі індет кезінде басым жағдайда аурудың жеңіл өтетіндігі байқалған,  бірақ халықтың белгілі бір топтары арасында (жас балалар, жүкті әйелдер, иммунитет тапшылығымеен ауыратын адамдар)  ауыр ағымда өтетіндігі белгілі болған .

Сұрақ: Аурудың таралу жолы қалай ?

 
Таралу жолдары: Ауа тамшылары .Инфекциямен ластанған материалдар арқылы (қаны немесе биологиялық сұйықтықтары ластанған қоршаған орта арқылы) беріледі.
Сұрақ: Клиникалық белгілері қалай болады?

         Клиникалық белгілерінде  дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, бас ауыру, айналу, құсу, лимфотүйіндерінің ісінуі, ауыруы, арқасының ауыруы, бұлшық еттерінің ауырсынуы (миалгия)байқалады. Инфекцияның даму кезеңінде бөртпелердің пайда болып,науқас адамның бүкіл  денесіне таралады. Тері мен өкпенің қайталама бактериялық инфекциясы қосылуы мүмкін. Науқас тек стационарлық жағдайда ғана ем алады.
     Сұрақ :  Алдын алу шаралары қандай?
-2019 жылы маймыл шешегіне қарсы жаңа екі дозалы, модификацияланған вакцина мақұлданды Әзірге вакцина қолжетімділігі  шектелген.
-Маймыл шешек ауру жұқтырған немес күдікті адамдармен қорғалмаған жақын қарым-қатынастан аулақ болу керек;
-Қолды жиі жуып,сабын мен су, әсіресе науқас адамдарға күтім жасағаннан немесе барғаннан кейін;
-Жабайы жануарлармен, әсіресе ауру немесе өлі жануарлармен байланыста болмау керек;
-Жануарлар еті немесе оның бөліктері бар барлық тағамдарды жеу алдында мұқият пісіріп пайдалану керек.
А. Сатекеева,
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы    

Сұхбаттасқан:  К. Ізденова                        
17 қыркүйек 2024 ж. 112 0