Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Маймыл шешегі 50 елде анықталды - ДДҰ

Маймыл шешегі 50 елде анықталды - ДДҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2022 жылдың басынан бері 50 елде 3413 адамның маймыл шешегі инфекциясын жұқтырғанын және бір адамның қайтыс болғаны жөнінде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«2022 жылдың 1 қаңтары мен 22 маусымы аралығында әлемнің 50 елінде маймыл шешегін жұқтырудың 3 413 жағдайы және осы дерттен бір адамның қайтыс болғаны хабарланды», деп атап өтті ұйымнан.

Алдыңғы ақпараттық бюллетень 17 маусымда жарияланғаннан бері 8 елде инфекцияға шалдығудың 1310 жаңа жағдайы анықталған. Маймыл шешегімен ауыратындардың көпшілігі, дәлірек айтқанда 86%-ы Еуропалық аймақта тіркелді. Одан кейін тізімде Америка (11%), Африка (2%), Шығыс Жерорта теңізі (1%-дан аз) және Азия-Тынық мұхиты (1%-дан аз) тұр.

Елдердің ішінде ауруға шалдығудың ең көп жағдайы Ұлыбританияда тіркелді, онда 793 адам маймыл шешегіне шалдыққан. Сонымен қатар ең көп науқастар саны жағынан Германия (521), Испания (520), Португалия (317), Франция (277), Нидерланды (167) және АҚШ (142) тіркелді. Қалған 43 мемлекет пен аумақта ауруға шалдығу жағдайларының саны 100-ден аспайды. Әзірге вирустан қайтыс болу жағдайы Нигерияда ғана тіркелді.
28 маусым 2022 ж. 517 0