Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ақзия Қасымқызы: Көп жағдайда бұл аурумен балалар ауырады

Ақзия Қасымқызы: Көп жағдайда бұл аурумен балалар ауырады

Бүгінгі біздің сұхбатымыз Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ақзия Қасымқызы Сатекеевамен «Көкжөтел  ауруының эпидемиологиялық ахуалы  және алдын алу  шаралары» тақырыбында болмақ. 
- Жалпы үстіміздегі жылдың шілде айында көкжөтел ауруы қандай деңгейде, сол туралы нақты мағлұмат берсеңіз?
- Соңғы статисталық мәлімет бойынша республика бойынша, көкжөтел ауруынан эпидемиологиялық ахуал тұрақты деп бағалануда. Арал ауданы тұрғындары арасында 2024 жылы көкжөтел жұқпасымен 10 жағдай тіркелсе, 2025 жылдың   қантар – қазан айларында  көкжөтел ауруының алғашқы диагнозымен  2  жағдай тіркеліп, оның 2 лабораториялық жолмен нақтыланды.

-Жоғарыда келтірілген мәліметтерге сүйенер болсақ, көкжөтелмен негізінен балалар ауыруда, олардың ауру себебі неде, ашып айтсаңыз? 
-Көкжөтел -балалар инфекциясы болып есептелетіндіктен, көп жағдайда бұл аурумен балалар ауырады. Статистикалық мәлімет көрсеткендей, жалпы тіркелген аурудың 98 пайызы балалар үлесінде. Ауру себептеріне келетін болсақ, негізінен көкжөтелмен  дәрігер көрсетілімен әртүрлі диагнозбен «Д» есепке  алынып, көкжөтелге қарсы екпе алудан медициналық кедергіге алынған балалар мен жасы толмауына байланысты көкжөтелге қарсы екпе алмаған балалар ауыруда. Бұл өз кезегінде балалар ағзасындакөкжөтелге қарсы иммунитет қалыптаспағаннан кейін осы жастағы балалардың көкжөтелмен ауруына әкеп соғып отыр. 

-Көкжөтел ауруынан  сақтану  үшін  науқас баланың ата-анасы не істеу керек, сол  туралы айтсаңыз?
-Әрбір ата-ана баласының денсаулығына зор мән бере отырып,  көкжөтелден барынша сақтанудың тиімді тәсілі-осы жұқпаға қарсы екпе екенін  қаперлерінде ұстаулары қажет. Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес  әрбір дені сау бала өзінің жасына сәйкес, яғни бала өмірінің 2,3,4 айларында  көкжөтелге қарсы алғашқы егумен қамтылу керек, одан кейін 18 айында және мектепке алғаш барғанда 6 жасында көкжөтелге қарсы қайталап егу жүргізілуі тиіс. Екпе салдырған балалар арасында көкжөтелмен сырқаттану көрсеткіші өте төмен екенін  айта кеткен жөн. Бұдан басқа балаларға берілетін тағамдардың  дәрумендерге бай құнарлы болуы , таза ауаға жиі шығып, серуендеу де  баланың денсаулығына оң әсерін тигізеді.

-Сұхбатыңызға рақмет! 

Әңгімелескен Н.Марат
18 қараша 2025 ж. 76 0